Президент уран және көмірсутек саласындағы ойын ережесін өзгертті: Жаңа заң кімдерге басымдық береді?

26.12.2025 17:24 Арман Ермеков Арман Ермеков
Президент уран және көмірсутек саласындағы ойын ережесін өзгертті: Жаңа заң кімдерге басымдық береді?
0
180
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz

Жаңа құжат көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалану жүйесін жетілдіруге бағытталған. 

Қабылданған заңда салаға серпін беретін бірқатар негізгі жаңашылдықтар қарастырылған. Ең алдымен «аз зерттелген аумақтар» ұғымының нақты мәртебесі айқындалды. Бұл санатқа бұрын өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған учаскелер жатқызылады.

Инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында маңызды норма енгізіліп отыр. Егер компания осындай зерттелмеген аумақтарда өз қаражаты есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізсе, оған келесі кезеңдерге, яғни барлау мен өндіруге көшу үшін кепілдендірілген басым құқық беріледі.

Заңдағы келесі маңызды бағыт резервтегі учаскелерді пайдалану тиімділігіне қатысты. Қазіргі таңда көмірсутек саласындағы ұлттық компанияларға 53 жер қойнауы учаскесі бекітілген. Алайда олардың тек 20 пайызында ғана нақты жұмыстар жүргізілуде. Қалғандары ұзақ жылдар бойы айналымға түспей, бос тұр. Жаңа заң талаптарына сәйкес, енді мұндай учаскелерді брондау мерзімі шектеледі және босаған жерлер электронды аукциондарға шығарылады. Бұл тәсіл нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, геологиялық барлауды жеделдетеді және салаға жаңа ойыншыларды тартуға мүмкіндік береді.

Құжаттың төртінші және стратегиялық маңызы зор бөлігі уран саласына арналған. Әлемдік экономикада атом энергетикасына деген қызығушылықтың артуын ескере отырып, ұлттық компанияға жаңа уран кен орындарын іздеуге және игеруге басым құқық беріледі. Бұл шешім елдің энергетикалық теңгерімін сақтауға және Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы позициясын нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік бұған дейін Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге қол қойған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий