Президент жаңа ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытында болды
1277
Қасым-Жомарт Тоқаев Coca-Cola зауытының жұмысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 миллион литрге дейін сусын шығара алады.
Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысып, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.
Президент зауыттың жаңа жұмыс орындарын ашуға, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлес қосатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік инвесторларды белсенді қолдаудың, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру мен инновацияларды енгізудің экономиканы әртараптандырудағы шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...