Президенттер бірқатар маңызды келісімді бекітті
0
1264
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық жаңа белеске көтерілді. Екі ел басшыларының келіссөздері нәтижелі аяқталып, тараптар ауқымды үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы жиында Сердар Бердімұхамедов қос мемлекетті Орталық Азиядағы стратегиялық серіктестер деп атады. Бұл сөздің дәлелі ретінде ресми делегация мүшелері түрлі саланы қамтитын 11 маңызды құжат алмасты.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;
- Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
Жиынның кульминациясы әрі ең салтанатты сәті келіссөздер соңында орын алды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтың белгісі ретінде Түрікменстан Президентінің омырауына Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін тақты.
Сердар Бердімұхамедов мұндай зор құрмет үшін Қазақстан басшысы мен бауырлас халыққа шынайы ризашылығын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2025
23:06
Ұрысқандарын көрмедім – Айзат Жұманованың енесі
12.12.2025
22:01
“Көп боқтайтын”: Атышулы блогер бала туды
12.12.2025
20:16
«Қауіпті»: Астана әкімі депутатпен сөзге келіп ...
12.12.2025
18:55
Сүйінші! Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты...
12.12.2025
17:13
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": қарызға ба...
12.12.2025
16:46
Ақнәрдің өлімі: қыздардың бірі оны өлімші етіп ...