Прокуратура Шерзат Болат ісі бойынша мәлімдеме жасады

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын екенін, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.
Алматы облысының прокуратурасы Ш. Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлады.
Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз, - деп ескертті прокуратура өкілдері.
Соңғы жаңалықтар





