PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Алмаз Әлсенов марапатталды
PSG Academy Kazakhstan негізін қалаушы Алмаз Әлсенов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Биыл ол Қазақстанда француздық Paris Saint-Germain футбол академиясын іске қосумен айналысып, сонымен қатар кәсіби дзюдоны дамытуды жалғастыруда, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомстволық марапатты спорт қайраткеріне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
Жоба аясында Астанада академияның алғашқы орталығы ашылмақ. Жобаға салынған инвестиция көлемі 7 миллион долларға бағаланып отыр. Алғашқы маусымда 300-ге жуық ұл-қызды Paris Saint-Germain әдістемесі бойынша жаттықтыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, кәсіпкер JENYS кәсіби клубының негізін қалаған әрі Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) президентінің кеңесшісі қызметін атқарады.
Онымен бірге «Жеңіс» дзюдо клубының бас директоры әрі Қарағанды облысы Дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...