Путин әзербайжандық ұшақ апатын мойындады

Путин әзербайжандық ұшақ апатын мойындады
09.10.2025 19:30
0
84

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке AZAL әуе компаниясының ұшағының апатына украиналық дрондар мен Ресейдің әуе қорғанысы жүйесіндегі техникалық ақаулар себеп болғанын мәлімдеді, деп хкбарлайды POLITICO.KZ AZƏRTAC мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.

Путин мен Әлиев Душанбеде өткен «Орталық Азия – Ресей» саммиті мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында кездесті. Ресей басшысының айтуынша, 2024 жылдың 25 желтоқсанында апатқа ұшыраған Embraer E190 ұшағының құлауына «бірнеше фактор» әсер еткен.

«Ресей әуе кеңістігінде украин дрондарын қуу кезінде әуе қорғанысы жүйесінде техникалық ақаулар орын алған. Екі зымыран ұшақты тікелей соққыға алған жоқ, әйтпесе ол бірден жерге құлар еді. Ұшаққа, ең ықтимал, зымыран сынықтары зақым келтірген», – деді Путин.

Әлиев өз кезегінде Путинге апатқа қатысты жағдайды «жеке бақылауында ұстағаны үшін» алғыс айтты.

Путиннің Тәжікстанға сапары Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президентін тұтқындау туралы ордері күшінде тұрған кезде өтті. Бұған дейін Human Rights Watch ұйымы Душанбе билігін ордерді орындап, Путинді ұстауға шақырған. Алайда Рим статутын ратификациялаған Тәжікстан бұл үндеуді елемей, президент Эмомали Рахмон Путинді әуежайда өзі қарсы алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий