Путин мұсылмандарды Құрбан айтпен құттықтады

Путин Ресей мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ресей президенті Владимир Путин мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Оның жолдауында бұл мерекенің терең мәні мен маңызы ерекше атап өтілді.
"Бұл мереке, ежелгі діни қасиетті орындарға қажылықтың аяқталуын білдіре отырып, адамдарды бірлікке шақырады, діндарларға ата-бабаларының бай тарихи, рухани мұрасына қосылу қуанышын сыйлайды. Аталық өсиеттер мен дәстүрлерді ұстана отырып, мұсылмандар Құрбан айтты ізгі, мейірімді істермен атап өтеді, көмек пен жанашырлыққа мұқтаж жандарға шын жүректен қамқорлық көрсетеді", – делінген президенттің құттықтау хатында.
Сондай-ақ, Путин мұсылман ұйымдарының ел өміріне белсене, шығармашылықпен қатысып жатқанын жоғары бағалады. Олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, мәдениет, білім, ағарту және қайырымдылық саласындағы ауқымды бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлетінін айтты.
"Әсіресе, Отан қорғаушыларды, олардың туыстары мен жақындарын қолдауға бағытталған қызметтеріңіз ерекше, терең тануға лайық", – деп қосты Ресей басшысы.
Соңғы жаңалықтар





