Путин ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Путин ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады
29.12.2024 09:36
0
54

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев арасында болған телефон арқылы әңгіме барысында Путин Әлиевтен кешірім сұраған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кремль таратқан ақпаратқақарағанда, телефон арқылы әңгімеде 25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясының жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сұрақтар егжей-тегжейлі талқыланған.

Владимир Путин қайғылы жағдай Ресей аумағында болғандықтан, кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып шын жүректен көңіл айтқан.

Әңгіме барысында апатқа ұшыраған әуе кемесінің Әзірбайжанның кестесіне сай ұшып келе жатып, бірнеше рет Грозный әуежайына қонуға тырысқандығы айтылған. Ол кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық соғыс дрондары шабуыл жасап жатқан және Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі бұл шабуылдарды қайтарғаны аталып өткен.

Бүгінде Ресейдің Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы (әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан сұрақ-жауап алыну үстінде.

Қазір Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда, Ресей Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге көшкен. Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтау қаласы маңындағы апат орнында белсенді түрде жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или