Путиннің жақтаушысы Полина Гагаринаның концерті Астанада өтпейтін болды

Путиннің жақтаушысы Полина Гагаринаның концерті Астанада өтпейтін болды
09.09.2025 16:09
0
162
Фото: instagram/ gagara1987

9 қыркүйек күні ресейлік әнші Полина Гагаринаның Астанадағы концерті болмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оны Астана қаласының мәдениет басқармасы растады. 


«Орындаушы Полина Гагаринаның 27 қарашаға жоспарланған жеке концерті ұйымдастырушы тарапындағы жағдайға байланысты өткізілмейді».


Еске сала кетейік, тамыз айының соңында қазақстандықтар Астана мен Алматыда Гагаринаның концерттерін тоқтату туралы Мәдениет министрлігіне петиция жолдаған болатын.
Бұған дейін маусым айында тағы бір ресейлік әнші Земфира Алматыдағы концертінің өтпейтінін хабарлаған еді. 
Сондай-ақ бірнеше күн бұрын белгілі әнші Макс Корж Алматыда екі мәрте кейінге қалдырылған концерті туралы алғаш рет пікір білдіріп, қабылданған шешімнің себептеріне қатысты көзқарасын айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий