ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы қашан өтетіні белгілі болды

ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы қашан өтетіні белгілі болды
05.09.2025 16:59
0
41
Фото: Үкімет

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 – бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2025 жылғы 8 қыркүйек күні сағат 11.00-де ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», деп жазылған өкімнің мәтінінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. 

Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий