Қабірден адамзат тағдыры туралы "қорқынышты хабарламасы" бар 5000 жылдық қолжазба табылды

Мысырдың Саккара қаласына жақын маңдағы ежелгі қабірлердің бірінен археологтар шамамен 5000 жыл бұрын жазылған ерекше қолжазбаны тапты.
Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық соңғы жылдардағы ең маңызды археологиялық табыстардың бірі саналады. Себебі дәл осындай көне дәуірге тиесілі құжаттардың жақсы сақталған үлгілері өте сирек кездеседі.
Қолжазба мөрленген саркофагтың ішінен, некрополь жерасты кешенінің тереңінен табылған. Мәтін папирус бетіне жазылып, ерте кезеңдегі иероглифтер мен иератикалық жазудың қосындысымен берілген. Иератикалық жазу сол дәуірдегі әкімшілік және діни мәтіндерде кең қолданылған.
Зерттеушілердің айтуынша, мұндай ескерткіштерді дешифрлеу аса күрделі, өйткені оған ұқсас материалдар аз сақталған. Алғашқы талдаулар бойынша, мәтін мазмұны ежелгі философиялық және діни түсініктерге қатысты. Онда жердегі өмір мен о дүниедегі тіршіліктің байланысы, адамның ғаламдық тәртіптегі орны жөнінде айтылған.
Кейбір ғалымдар қолжазбада кейінгі діни дәстүрлерге әсер еткен ілімдердің элементтері болуы мүмкін деп болжайды. Оның ішінде апокрифтік мәтіндерге ұқсас тұстар да бар.
Ең қызықты тұсы — қолжазбада адамзат тағдырына қатысты "қорқынышты хабарлама" болуы мүмкін деген жорамал. Дегенмен, бұл мағына толық анықталмаған және зерттеушілер мәтінді аудару мен интерпретациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл мақсатта заманауи сканерлеу технологиялары мен жасанды интеллект секілді әдістер қолданылады.
Соңғы жаңалықтар





