"Қалаулым бағын ашты": Диана Скатованың өмірінде ерекше оқиға олрын алды

Танымал тележүргізуші, медиа саласындағы белсенді тұлға Диана Скатова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі маңызды жаңалығымен бөлісті. Ол музыкант әрі әріптесі Сұлтан Нұрбековпен АҚШ-та некесін қидырғанын хабарлады,деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Скатованың айтуынша, некелесу рәсімі АҚШ-тағы мешіттердің бірінде өткен. Бұл сәт туралы ол былай деп жазды:
«Өмір – өздігінен ғажап. Сол кереметті бөлісетін адамың болса, оны кездестірсең, ол керемет екі еселенбей ме?! Баршамызға, Алла тек жақсы күндерді бұйырсын! Енді біз ерлі-зайыптымыз!»
Желі қолданушылары мен жанкүйерлері жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.
Айта кетейік, Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбеков бұрыннан таныс. Олар QosLike тележобасында бірге жұмыс істеген. Бұл кәсіби қарым-қатынас кейіннен жеке өмірде де жалғасын тапқан.
Соңғы жаңалықтар





