Қалдыбек Құрманәлі әнші Мадина Ералиеваның ұлды кімнен туғанын айтты
7234
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында марқұм Мадина Ералиеваны еске алып, оның Болат Атабаевпен қарым-қатынасы туралы сыр шертті.
Мадина Арсенді күлге аунап туған жоқ. Болат Атабаев – баласының биологиялық әкесі. Арсенді бәрі Мәдинаның баласы дейді, олай емес. Ол – Болат Атабаевтың баласы. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны әпке дейтінмін. Болат – үлкен аңызға айналған тұлға, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем, – деді сазгер.Сонымен қатар Қалдыбек Құрманәлі Болат Атабаевты ұлымен қалай табыстырғанын да еске алды.
Бірде Мадина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын «өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар» дедім. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, «ата» деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, «Әлішер, міне, атаң» деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Сондықтан Арсенді айтқанда, анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл – тектінің ұрпағы, - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
10:30
"Сүйгені үшін жазаланады": Жұлдыз Әбдікәрімова ...
11.08.2026
10:09
Астана маңында апалы-сіңілі жасөсіпірім екі қыз...
11.08.2026
10:01
Алматы облысында күйеуін өлтірген жүкті әйел бо...
11.08.2026
09:41
"Төс көрсету жарысы ма?": желі қолданушылары Мә...
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...