Қанат Әлжаппаров: «Мен сияқтылар келіп, киноны бардак қылды»

Қанат Әлжаппаров: «Мен сияқтылар келіп, киноны бардак қылды»
06.05.2025 20:07
0
246
Фото: Видеодан скрин

«Гәп» фильмінде ойнаған актер әрі танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров кино саласына кездейсоқ келгенін ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қанат Әлжаппаров бүгінгі киноиндустриядағы ахуал туралы ойын білдіріп, өз шындығын бүкпесіз жеткізді.

«Нағыз кино деп “Титаник”, “Өкіл әке”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Тақиялы періште” фильмдерін айтуға болады. Қазіргі кинолар да жаман емес, бірақ ыржың-тыржың көп. Мен сияқтылар келіп, киноны бардак қылды», – деді ол.

Сондай-ақ ол өзін кино саласының өкілі емес екенін және бұл салаға қаржы үшін келгенін де жасырмады.

«Бармаймын десем де шақырады. Мен негізі киноның адамы емеспін ғой. Кино түсірушілер қомақты ақша ұсынады. Сосын амал жоқ барасың. Бұл жерде дүние ғой. Сонда біз пәленбай миллионға қазақ киносын құртып жатырмыз, көрдің бе?! Біз киноға үлес қосайын деп жүрген жоқпыз, дүние үшін келдік. Ертең өнер академиясынан небір таланттар шығады, солар үлесін қосар. Біз дүниенің қамымен жүрген адамдармыз», – деп мойындады әзілкеш.

Оның бұл сөзі желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі — шынайылыққа риза болса, енді бірі — кино саласына немқұрайлы қарауды сынға алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий