Қара бетперде киген жігіт ерекше отбасыға үй мен көлік сыйлады

12.12.2025 11:40 Мөлдір Талғат
Қара бетперде киген жігіт ерекше отбасыға үй мен көлік сыйлады
0
66
Фото: Stan.kz

Қара бетперде киген жұмбақ меценат мүгедектігі бар мүшелері көп отбасыға көмек көрсетіп, оларға баспана мен көлік сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Отбасының анасы Бегімайдың сол көзі көрмейді, ал оң көзі небәрі 2–3 пайызға ғана қабілетті. Қызына ДЦП диагнозы қойылған, эпилепсиямен ауырады. Күйеуі ревматоидты полиартритке байланысты арбаға таңылса да, өзгенің көлігімен такси қызметін істеп, отбасын асырап отыр. Олардың жеке баспанасы да болмаған.

Бегімай өмірдің ауыр сынағына қарамастан, үнемі шүкіршілік ететінін айтады:

“Мен барлық қиындықтың артында бір қайыр болатынын білемін. Қызымның сырқатына да шүкіршілік етемін. Жаратқан бізді жақсы көргендіктен, күнә жасамас үшін осылай сынайды деп сенемін”, – дейді ол.

Жұмбақ қайырымды жан отбасыға емге қажетті қаражат, кіші қажылыққа жолдама, көлік және жаңа пәтердің кілтін табыстаған. Ол өзінің бұл әрекетін былай түсіндірді:

“Ең адал, ең лайықты отбасылар көбіне ел көзінен таса жүреді, бірақ Жаратушы үшін олар аса қымбат”, – деді меценат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий