«Қара нан. Әнсіз өткен күн»: Төреғали Төреәлі тағы бір жазба жариялады

«Қара нан. Әнсіз өткен күн»: Төреғали Төреәлі тағы бір жазба жариялады
30.06.2025 20:04
0
109

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі шығармашылық мансабын аяқтайтынын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазып, өнерден қол үзетінін мәлім етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Әнші өз жазбасында: «Болды. Бәрін тастаймын. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – тыныштық», – деп жазып, пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп қойған.

Төреғали Төреәлі жазбасында ішкі жан тыныштығын іздейтінін де жасырмады:
«Қарапайым дүниелерде терең шындық бар. Күннің иісі. Баланың күлкісі. Қара нан. Әнсіз өткен күн. Тыныш таң. Осындай сәттерде жүрек қайта тыныстайды», – деп бөлісті әнші.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Төреғалидің денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Дегенмен, бұл жолғы мәлімдемесінде ол нақты денсаулық жағдайына тоқталмай, сахнадан кету туралы шешім қабылдағанын ашық жеткізді.

Қазіргі уақытта бұл шешімнің уақытша ма, әлде түбегейлі екені белгісіз. Әншінің командасы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий