Қара теңіздегі мазуттың төгілуі табиғатқа үлкен қауіп төндіріп отыр

Қара теңіздегі мазуттың төгілуі табиғатқа үлкен қауіп төндіріп отыр
08.01.2025 11:10
0
177
Еріктілер Қара теңіз Анапа қаласының маңында мазутты сіңірген жағажай құмын тазалайды / СуретТАСС
Қара теңізде 2,4 мың тонна мазут төгілді: экологиялық апат

Керчь бұғазында екі танкердің мазут төгілуіне байланысты Қара теңіздегі экологиялық апат жалғасуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

15 желтоқсанда Керчь бұғазында "Волгонефть-212" және "Волгонефть-239" танкерлері апатқа ұшырады. Бұл танкерлер 9,2 мың тонна мазут тасымалдап жатқан. Апат салдарынан шамамен 2,4 мың тонна мазут Қара теңізге төгілді.

Экологтардың айтуынша, бұл апаттың әсері ондаған жылдар бойы сезіледі. Еріктілер мен құтқару қызметтері үш апта бойы мазутты жинау және табиғатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 102 мың тоннадан астам ластанған құм мен топырақ жиналып шығарылды.

Экологтар мазуттың теңіздегі жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына әкелетінін болжайды. Мазут төгілуінен зардап шеккен теңіз сүтқоректілері мен құстардың саны күрт төмендеуі мүмкін. Бұған қоса, бұл аймақтағы балықтардың азаюы балық шаруашылығына теріс әсерін тигізеді.

Волонтерлер мазутқа батырылған құстарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Бірақ тазартылған құстардың бір бөлігін табиғатқа ерте жіберу салдарынан олардың көпшілігі өлімге ұшырады. Экологтар бұл әрекетті сынға алып, құстарды толық қалпына келтірмей жібермеуді талап етуде.

Мазутты тазарту үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Мысалы, инженер Владимир Каляев мазутты құмнан бөліп алуға арналған "вибросито" құрылғысын ұсынды. Сонымен қатар, мазутты су бетінде жинау үшін арнайы торлар қолданыла бастады.

Экологтардың пікірінше, Қара теңізді толық тазарту үшін кемінде 10 жыл қажет. Мұнай өнімдері табиғи процестер арқылы ыдырағанша, олар теңіздегі тіршілікке зиян тигізуді жалғастырады.

Ақпарат informburo.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или