Қарағандыда анасы мен баласын қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды

10.11.2025 16:59 Арман Ермеков
Қарағандыда анасы мен баласын қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды
0
1058
Фото: бейнеден кадр

Қарағандыда 6 қараша күні кешкісін Восток-1 ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен келе жатқан әйел мен оның кішкентай баласын қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бір тәуліктен кейін полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 6 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында болған. 25 жастағы келіншек балабақшадан төрт жасар ұлын алып, үйіне қайтып бара жатқан. Олар «Динамо» фабрикасының маңындағы жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқанда, оларға кенеттен көлік соғылған.

Зардап шеккен келіншектің анасының айтуынша, қызының аяғы сынған.

«Олар жаяу жүргінші жолымен келе жатқан, сол кезде көлік соққан. Құдай сақтап, бала аман қалды, бірақ қатты қорқып, анасының қасында жылап тұрды. Өтіп бара жатқандар жедел жәрдем шақырды», – дейді ол.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оның жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағалануда.

Туыстарының айтуынша, істі тергеуді кінәлі жүргізушінің оқиға орнынан қашып кетуі және сол аумақта көшеде бақылау камераларының болмауы қиындатқан.

Дегенмен, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады. 25 жастағы әйел мен оның 4 жасар ұлының медициналық мекемеге жеткізілгені туралы факті дереу тіркелген.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Көлік айыптұраққа қойылды», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл оқиғаның ауырлығын куәгерлер түсірген видеодан байқауға болады. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қалың қардың үстінде жатқан анасының қасынан шықпай, жылап тұрған кішкентай бала көрінеді. Оқиға кешкі уақытта болған, айнала қараңғы, тек көше шамдары жанып тұр. Қар жауып тұрса да, бала анасының жанынан қозғалмай тұрған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий