Қарағандыда екі баласын сатып жіберген әйел ұсталды
Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында бала саудасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2022-2024 жылдар аралығында ауыл тұрғыны екі баланы дүниеге әкеліп, оларды перзентхана қызметкерінің көмегімен әрқайсысын 3 миллион теңгеден сатқан.
Ол баладан туыла салып бас тартқан. Кейін перзентхана қызметкері Астанада тұратын алматылық, баласыз ерлі-зайыптылармен байланысып, нәрестені 3 миллион теңгеге сату мәмілесін ұйымдастырған. Екі жылдан кейін дәл осындай жағдай қайталанып, әйел тағы бір сәбиін дүниеге әкеліп, оны да 3 миллион теңгеге сатқан.
Полиция қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
13:31
Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
26.10.2026
13:22
Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейі...
26.10.2026
13:10
Қызылордада жас жігітті өлтіріп кеткен: әпкесі ...
26.10.2026
12:15
Валюта айырбастаушыларды өлтіріп, мәйіттерін ау...
26.10.2026
11:52
Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлі...
26.10.2026
11:46
Қазақстандықтардың тамаққа қанша жұмсайтыны жән...