Қарағандыда қыздарының үйлену тойында әйелін өлтірген сотталды

22.12.2025 20:17 Берік Арманов Берік Арманов
Қарағандыда қыздарының үйлену тойында әйелін өлтірген сотталды
0
163
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда ортақ қыздарының үйлену тойы күні бірге тұрған әйелін өлтіргені үшін сотталған ер адамға шығарылған үкім жеңілдетілді, деп хабарлайды Politico.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Апелляциялық саты сот үкімінен «айрықша қатыгездік» деген саралаушы белгіні алып тастап, жаза мерзімін қысқартты. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот айыпталушыны «айрықша қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда облыстық сотта қорғау тарапының уәждері қанағаттандырылып, қылмыс «ауырлататын мән-жайсыз адам өлтіру» ретінде қайта сараланды. Соның нәтижесінде жаза мерзімі 12 жылға дейін қысқартылды.

Сот процесіне марқұмның ересек қыздары мен күйеу баласы қатысты. Ал кәмелетке толмаған кенже қызы сот отырысына қатысқан жоқ.

Үкім жарияланғаннан кейін жәбірленуші тарап кассациялық тәртіппен шағым түсіріп, «айрықша қатыгездік» белгісін қайта қалпына келтіруге ниетті екенін мәлімдеді. Кассациялық сатының түпкілікті шешімі кейінірек белгілі болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий