Қарағандыдағы "біртүрлі" мүсіндер жұрттың ашуына тиді

Қарағандыдағы
23.10.2025 10:41
0
224
azattyq-ruhy.kz

Қарағанды қаласындағы вокзал маңындағы саябақта орналасқан «Атам, әжем және мен» атты мүсін қала тұрғындарының наразылығын тудырды.

Жаз айларында түрлі түске боялған мүсіндерді жақында қалалық саябақтарды басқару басқармасы бір түске — алтын түске бояп шыққан. Бұл шешім көптеген тұрғындардың көңілінен шықпай, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Көпшілік қала билігінің мұндай өзгерісті халықпен алдын ала талқыламай жасағанын сынға алды. «Мүсінді боямас бұрын, қала тұрғындарының пікірін ескеру керек еді» деген пікірлер жиі айтылды.

Өз кезегінде қалалық саябақтарды басқару басқармасы тұрғындардың арыз-шағымына жауап беріп, өз шешімін түсіндірді:

«Мүсіндердің бәрін басқа саябақтардағы мүсіндердің түсімен үйлестіру мақсатында оларды алтын түске бояу туралы шешім қабылданды. Бұл олардың сыртқы келбетін жақсартып, күтіп ұстауға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай шешімдер бастапқыда дау туғызуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе саябақ қала азаматтарының сүйікті орнына айналады», — делінген ресми мәлімдемеде.

Дегенмен, қала тұрғындарының басым бөлігі мүсіннің бастапқы қалпы табиғилығымен тартымды болғанын айтып, биліктен мәдени нысандарды өзгертерде қоғамдық пікірге құлақ асуды талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий