Қарағандылық фермер ондаған жылқыны қырып салды
798
Қарағанды облысында фермер 17 жылқыны атып тастаған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ сайты.
Оқиға 28 қыркүйекте Нұра ауданына қарасты Заречное ауылы маңында болған. Малшылардың айтуынша, жергілікті фермер өз егіс алқабына кіріп кеткен жылқыларды көлігімен қуалап жүріп, оқ атқан. Салдарынан 14 жылқы сол жерде қаза тапқан, қалғандары ауыр жараланған.
Мал иелері енді істің әділ тергелуін талап етуде. Олар күдіктінің ірі жер иесі екенін айтып, істің жабылып қалуынан қорқады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 53 жастағы Нұра ауданының тұрғыны ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...