Қарашада 10 күн демаламыз

Қарашада 10 күн демаламыз
22.10.2025 14:47
0
94
фото: Stan.kz

Қарашада қазақстандықтарды 10 күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

2025 жылдың қараша айында қазақстандықтар күнтізбе бойынша он күн демалады. Бұл айда ресми мерекелер болмаса да, демалыс күндерінің саны әдеттегіден көп болып отыр.

Оның себебі қараша айының алғашқы екі күні 1-і мен 2-сі және соңғы екі күні 29-ы мен 30-ы сенбі мен жексенбіге сәйкес келуінде. Осылайша, бұл айда бес сенбі мен бес жексенбі бар.

Осыған сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін қараша айында 10 демалыс күні және 20 жұмыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасы кестесімен жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндерінің саны аз болады. Олар тек жексенбі күндері ғана демалады, яғни қараша айында 5 демалыс күні және 25 жұмыс күні болады.

Айта кету керек, қараша айында ресми мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан қосымша демалыс күндері қарастырылмаған. Барлық 10 күн бұл күнтізбе бойынша қалыпты сенбі-жексенбі күндері.

Дегенмен, ай ішінде бірқатар кәсіби мерекелер аталып өтіледі, олардың қатарында:

  • Сыртқы барлау күні;
  • Статистика қызметкерлері күні;
  • Цифрландыру және ІТ мамандары күні;
  • Қаржы жүйесі қызметкерлері күні және басқалары бар.

Бұл кәсіби мерекелер ресми түрде демалыс күндері болып саналмайтынын ескерген жөн.

Қараша айындағы демалыс күндерінің көптігі жыл соңындағы жаңа жылдық қарбаласқа дейін тынығып, күш жинап алуға жақсы мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий