"Қартайған ғой": Қыдырәлі Болмановты ұлдары арқалап жүрген бейнесі желіде тарады

Танымал өнер иесі Қыдырәлі Болмановты үйде ұлдары арқалаған бейнесі желіде тарады.
Әнші Қарақат Әбілдина әкесі мен ұлдарының бұл әрекетін көпшілікке жария етті. Әнші ұлдарының әкесін арқалауға жарап қалғандарын айтты.
«Аллаға шүкір, кешегі сүт сәбилер бүгін міне әкелерін арқалуға жарап қалыпты. Дұрыс ақ. Нардың жүгін, ардың жүгін арқалаған әкелеріңе қандай құрмет көрсетсеңдер де жарасады, құлыншақтарым. Сендер де ел сенімін ақтаған, алғыс, абырой арқалаған азаматтардың қатарынан болғайсыңдар деп тілейді аналарың. Осындай шынайы сәттерге жүрегім елжірейді менің. Бала деген тез өседі екен, парақшама салып естелікке сақтап қояйын дедім.
Баршаңызға жақсылық тіледік», - деді әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары болса өнер иесінің бұл әрекетін бірі мақтап жатса, ал біреулеріне ұнамаған секілді.
Ақпарат madeniportal.kz сайтынан алынды.
Соңғы жаңалықтар





