"Қарулар таусылғанша": Трамптың Киевке қару жеткізу жоспары жария болды

28.03.2025 09:37
0
181
© Win McNamee

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмек бөлуді тоқтатпақ. Ол қару-жарақ жеткізу мәселесін Киевке қысым жасау тетігі ретінде пайдалануға ниетті. Бұл туралы Чикаго университетінің профессоры Джон Миршаймер Judging Freedom YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

РИА Новостидің мәліметінше, «Трамптың Конгреске қайта оралып, Украинаға қосымша қару-жарақ бөлу туралы сұрау салуы екіталай. Ол украиналықтарды қолдауды жалғастыру үшін қажетті қадамдарға бармайды», — деді сарапшы.

Миршаймердің пікірінше, Трамп бұл мүмкіндікті Украинаға әскери әрекеттерді тоқтату талабын қою үшін қолдануы мүмкін. Ол Киевтен соғыс қимылдарын доғарып, кез келген арандатушылықтан бас тартуды сұрауы ықтимал.

«Трамп украиндарға, артықшылық алу мақсатында, Конгресте жеткілікті дауыс жоқ екенін алға тартып: "қару таусылғанша, соғысты тоқтатыңыздар" деп айтуы ғажап емес», — деп қосты профессор.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Зеленский кеңсесі Вашингтон мен Киевтің бірлескен мәлімдемесін жариялады. Құжатта Украина АҚШ ұсынған 30 күндік атысты тоқтату бастамасына келісім бергені жазылған. Тараптар келіссе, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Сондай-ақ, мәлімдемеде АҚШ Украинамен барлау ақпаратын алмасуды қайта бастайтыны және әскери көмекті дереу қайта жандандыратыны атап өтілген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий