"Қарындасын қорқытқысы келген". Таразда жасөспірім ағашқа асылып қалған

Тараз қаласында 15 жасар жасөспірім өз үйінің ауласында асылған күйінде табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ HALYQSTAN.kz арнасына сілтеме жасап.
Оқиға ресми тіркелгенімен, тергеу органдары оның нақты себептерін анықтап жатыр. Қазіргі таңда іс ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілді.
Марқұм — қалалық №27 орта мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес: анасы жұмыссыз, ал әкесі — ажырасқаннан кейін бірге тұрмайды. Үйде тағы үш кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде, марқұм — солардың тұңғышы.
Бейресми деректерге сүйенсек, оқиға алдында жасөспірім мен оның қарындасы арасында мобильді ойынға байланысты жанжал туындаған. Қыз бала анасына шағымданатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін сол қарындасы ағасын ағашқа асылған күйінде тауып, шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған.
Кейбір болжам бойынша, жасөспірім өмірімен қоштасқысы келмеген, тек қарындасын қорқытқысы келген. Алайда жағдай бақылаудан шығып кеткен болуы мүмкін.
Қазір бұл жайттың барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр
Соңғы жаңалықтар





