Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты неге сотта жеңіске жеттім деп есептемейді

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты неге сотта жеңіске жеттім деп есептемейді
07.06.2025 13:42
0
617
Informburo.kz

Шерзат Полат ісі бойынша сот үкіміне байланысты сотталушы 9 адам 1,5 және 23 жыл аралығындағы түрлі мерзімге сотталды. 

Informburo.kz порталы жәбірленуші тарап, яғни Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов отбасының адвокаты Мейірман Қалмаханұлымен сұхбаттасып, соттан кейінгі ой-пікірін білді. 

Видеосұхбат Информбюроның Youtube арнасында жарияланды. 

"Біз де адамбыз. Шыны керек, кеше сотқа бара жатқанда біртүрлі болдық. Әрине, біз олардың сотталып кететінін іштей білдік. Дәлелдің бәрі жеткілікті болатын. Бірақ, үкім шыққаннан кейін олардың әрекетін көрдік. Адам өлтіріп қоя жаздады. Ол жерде қаншама күзетші тұр, сонда да әйнекті сындырып, бізге, маған қарай ұмтылды. Шынасыл Абзал маған қарап, "бүйтем, сөйтем" деген сияқты әрекеттер жасады. Мен өз басым ештеңеден қорықпаймын. Асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын. Бірақ, сол баланың әрекетінен сондай балалардың қоғамда барын ойлап, қазағымның болашағына алаңдадым. Менің жүрегімде ол әліге дейін тұр. Сол балалар өкініп, кінәсін мойындағанда олардың жазасы жеңіл болар еді. Мен адвокаттарына да: "Сендер дұрыс кеңес беріп жатқан жоқсыңдар" деп талай айттым. Бірақ, адвокаттарының таңдап алған позициясы солай болды", – деді Мейірман Қалмаханұлы. 

Оның айтуынша, сотталушылардың көбі жастық шағының басым бөлігін түрмеде өткізеді. 

"Есептеп отырсам, Шынасыл Абзал бостандыққа 43 жасында шығады екен. Не әйелі, не бала-шағасы жоқ жап-жас бала болып кетеді, 43 жасында қайбір дені сау азамат болып шығады? Бұл маған да ауыр. Мен жеңдім деп айтпаймын. Қазақтың қоғамында мұндай жастар болатын болса, біздің жеңілгеніміз. Иә, сот менің кәсібилігімді көрсетті, жәбірленушілердің талабымыз қанағаттандырдық. Бірақ, бұл бәрібір трагедия", – деді адвокат. 

Қорғаушы Мейірман Қалмаханұлы Қаржаубай Нұрымовты жазаға тартуды талап еткендердің әрекетіне қатысты да ойын айтты. Сондай-ақ, Шерзаттың өлімі неге "Бұзақылық" бабымен қаралғаны, сот кезіндегі қиындықтар мен өтемақы өндіру жайы да сөз болды.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий