Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді әуежайдан қарсы алды
835
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Politico.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды. Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
17:02
«Орнымнан тұрмасам, жолаушылар өлер еді»: Flydu...
02.10.2026
17:02
Тоқаев: «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықа...
02.10.2026
16:55
Ақтауда бір жарым жасар сәбиді қағып өлтірген ...
02.10.2026
16:49
Тоқаев жасанды интеллект Қазақстан өнеркәсібінд...
02.10.2026
16:30
Тоқаев қолдаған келісім ЖИ қауіпсіздігі жөнінде...
02.10.2026
15:56
Өскеменде көпқабатты үйдің ауласынан 18 жастағы...