Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен «зияткерлік шекара» мен транзит мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Иэн Сондерсті қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кездесуде Президент Қазақстанда «зияткерлік шекара» моделi дамып жатқанын атап өтті. Елімізде кедендік рәсімдерді оңтайландыру мақсатында заманауи цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Сондай-ақ Тоқаев Еуразиядағы көлік байланысын нығайту және жүк транзиті үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Иэн Сондерс Қазақстанмен ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. Ол кедендік әкімшілендірудегі оң өзгерістерді, цифрландыру деңгейін және тиісті органдардың әлеуетін арттыру бағытындағы жетістіктерді атап өтті.
Тараптар әлемдік саудадағы жаңа сын-қатерлер мен үрдістерді, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді және Орталық Азияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды
23.10.2026
20:03
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік кон...