Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандықтардың шетелге шығуы жиілеп барады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандықтардың шетелге шығуы жиілеп барады
14.03.2025 17:56
0
26
Ақорда
Қазақстандық төлқұжат иелеріне 92 елге визасыз кіруге мүмкіндік бар

Қазақстанның халықаралық беделі артып келеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда мәлімдеді.

"Бүгінде 90 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алуда. Бұл біздің қоғамның ашықтығын көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтарымыздың шетелге демалысқа шығуы жиілеп келеді. Біздің ұлттық төлқұжатымыз 92 елдің шекарасынан визасыз өтуге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің жоғары екенінің айғағы", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстанды бүгінде "орташа держава" деп атайды, бұл елдің халықаралық саясаттағы рөлінің артқанын білдіреді. Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы резолюция қабылдады.

"Бұл – Қазақстанның халықаралық ықпалының және беделінің артуының тағы бір дәлелі. Біз барлық сын-қатерлерді еңсере отырып, нақты істерге ден қойдық. Ешқашан популизмге беріліп, бос ұрандарға әуес болған емеспіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий