"Қателіктерге толы жыл болды": Балжан Бидаш желіде жан сырын ақтарды
Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде әсерлі жазба жариялап, өткен жылын қорытындылады. Өнер иесі 2024 жыл өзі үшін қателіктерге толы болғанын жасырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшілікке жан сырын ақтарды. Шоу-бизнес жұлдызы осы жылы бірқатар қателікке бой алдырып, сынаққа тап болғанын айтты.
"Бұл жылы мен көптеген қиындықтардан өттім, және олардың әрқайсысы маған мықты әрі тәжірибелі болуға мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер, қателіктер мен табыстарға толы жыл болды, ол мен үшін өсуге жаңа көкжиектерді ашты. Мен өз кәсібімді ашуға шешім қабылдап, әнші ретінде алға қадам жасадым. Бұл шынайы сынақ болды, бірақ мен тоқтамай, алға жылжығаныма мақтанамын. Менің айналамда мені шабыттандыратын, қолдайтын және бірге өсіп келе жатқан керемет әйелдер бар. Біз, сөзсіз, барлық күш-жігеріміз бен жетістіктеріміз үшін мақтауға лайықпыз. Біз өзімізді қуанта білуіміз керек, өйткені біз өзіміздің ең жақсы нұсқамыз болу үшін көп нәрсе істеп жатырмыз", - деп жазды әнші.