"Қатты қорықтым": Жігер Ауыпбаевтың 15 жас кіші сүйіктісі қысым көріп жүргенін айтты

03.02.2026 15:45 Мөлдір Талғат
451
Фото: коллаж politico.kz

Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина әлеуметтік желіде видео жариялап, өзіне қауіп төнгенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Жігер ел алдына оны таныстырғалы бері өмірінде тыныштық қалмаған. Мумина әлеуметтік желілер арқылы қорқыту, балағаттау және қоқан-лоқы сипатындағы хаттар жиі келетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Жігер Ауыпбаев сүйіктісінің өзінен 15 жас кіші екенін ашық айтып, қоғамға таныстырған болатын. Осыдан кейін желі қолданушылары тарапынан түрлі сын-пікірлер айтылып, кейбіреулер бұл жағдайды әке мен қыздың арақатынасына теңеп, орынсыз салыстырулар жасаған.

Мумина видеосында бастапқыда бұл жазбаларға мән бермей келгенін, оны әншінің тыңдармандары немесе бұрын араласқан қыздар болуы мүмкін деп ойлағанын айтады. Алайда соңғы оқиға оны қатты алаңдатқан.

«Дүкеннен шығып бара жатқанымда алыстан үш қыздың маған жақтырмай қарағанын байқадым. Кейін олардың бірі маған жақындап, дөрекі дауыспен “Мумина, Жігерге жолама” деді. Сол сәтте қатты қорқып қалдым, не істерімді білмедім», – дейді ол.

Мумина мұндай әрекетті дұрыс емес деп санайтынын айтып, енді өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді. Ол бұл жағдайды жария ету арқылы қоғамнан қолдау күтетінін айтты.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі Муминаға қолдау білдірсе, енді біреулері «жолама десе, жолама», «бұл қызғаныш емес, ескерту» деген сарындағы пікірлер жазып, оның видеосын келемеждеген.

Қазіргі таңда Мумина өзіне көрсетілген қысым мен қорқыту әрекеттеріне қатысты нақты қандай шара қолданатынын айтқан жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий