“Қайғылы қаза": 202 жұмысшы ажал құшты

Өткен жылы елімізде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан 202 адам жұмыс орнында алған жарақатынан көз жұмған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«2024 жылы жазатайым оқиғалардан 1 408 адам зардап шекті, олардың ішінде 202 адам қаза тапты. 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және қауіпті ретінде жіктеледі. 15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігі жоғалған, оның ішінде 8 204 адам кәсіби аурулардан және 7 771 адам өндірістік жарақаттан зардап шеккен», - дейді Жақыпова Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, былтырдан бастап 80 көрсеткіш негізінде өндірістік тәуекелдердің деңгейі жоғары кәсіпорындарды автоматтандырылған режимде айқындауға мүмкіндік беретін Еңбек тәуекелдерінің картасы енгізілді.
«Осы ақпараттық жүйе енгізілгеннен бері жоғары тәуекел аймағынан 3 мың кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам қызметкер қамтылды. Тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін қысқарды. Еңбек тәуекелдерінің картасы ықтимал заңбұзушылықтардың себептерін жоюда жұмыс берушілерді қолдауға күш салу арқылы инциденттік ден қоюдан проактивті профилактикаға көшуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті министр.
Соңғы жаңалықтар





