Қайрат Нұртас мұңды әнге билегені үшін сынға ұшырады

05.05.2025 19:43 Берік Арманов Берік Арманов
Қайрат Нұртас мұңды әнге билегені үшін сынға ұшырады
0
827

Әнші Қайрат Нұртас өзінің «Перзент сыры» атты мұңды әніне көңілді ән секілді билеп шыққаны үшін желі қолданушыларының сынына қалды. Бұл жағдай әншінің концерттерінің бірінде болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айта кетейік, аталмыш әнді алғаш халыққа белгілі әнші Гауһар Әлімбекова таныстырған болатын. Ол бұл әнді анасын ауыр халде жатқан кезде шығарғаны белгілі.

Әлеуметтік желі қолданушылары ән мен бидің үйлеспейтінін айтып, әншінің әрекетін орынды санамады.

«Термені де бір күні осылай айтса таң қалмаңыздар», Байқайсыңдар ма, жұрт әннің сөзіне мән бермейді», Гауһардың әнін не істедің, Қайреке?», Гауһар анасының хал үстінде жатқанда шығарған әні ғой», Әннің быт-шытын шығарды ғой», Бұлар адамды күйдіріп өлтіреді бар ғой», – деп жазды желідегілер.

Қайрат Нұртас әзірге бұл сынға қатысты пікір білдірген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий