Қайрат Нұртас құттықтауларға қуана қоймады: Жанкүйерлер мұңын байқады

Қайрат Нұртас құттықтауларға қуана қоймады: Жанкүйерлер мұңын байқады
10.09.2025 20:42
0
102

Жанар Айжанова жақында бесінші рет әке атанған Қайрат Нұртасқа ерекше тілегін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі Қайраттың өзі де әлі бала екенін жасырмады.

"Ақ Қайрош бөпеңнің бауы берік болсын. Маған Қайраттың өзі бөпе ғой әлі. Бөпелердің бөпелері құтты болсын. Бөпелер бөпелі болып жатыр. Бөпелердің бөпелері көбейе берсін. Бақытты болсын", - деді ол. 

Ал той ұйымдастырушысы:

"Қайрош, бауы берік болсын. Жулька екеуің бақытты болыңдар!", - деп қалды. 

Алайда кадрда оқырмандар Қайрат Нұртас та бір мұң бар екенін байқады. Ол тіпті құттықтауларға аса қатты қуанбады да.

"40-қа келді қайдағы бөпе", "Қайрошта бір мұң бар әйтеуір", "Біз айтатын сөзді айттыңыз бөпе деп", "Қайрат мас па", "Бетсіз екен рахмет деп қояды, барып көрген де жоқ", "Жулька дей ме?", - деген пікірлерді қарша боратты. 

Бұл ортадан әнші Kalifarniya мен Мейрамбек Беспаевтың да қарасы көрінді. Kalifarniya лақап атымен танылған жас өнерпаз Фархаттың да отау құрғанына біраз уақыт болған. 

Жанар Айжанованың "сен де бөпелі болдың ба?" деп төтесінен қойылған сұраққа "жоқ" деп жауап қайтарды. 

"Саған да жұғысты болсын!" деп әріптестері оған тілектерін жаудырды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий