Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай ерекше жыр шумағын арнады

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай жыр шумағын арнады, деп хабарлайды POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме дасап.
14 сәуірде Жұлдыз Әбдукәрімова 37 жасқа толғанын атап өтті. Қайрат Нұртас жұбайына деген құттықтау тілегін жыр шумағымен жеткізді.
"Жүрегімнің дауасы
Ұл-қызымның анасы
Лайықты жан өзіме
Дүниедегі жанашыр
Ыстық оттай сезіммен
Заманым тыныш өзіңмен
Жұлдызым туған күніңмен", - делінген өлең жолдарын жариялады әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Желі қолданушылары да Қайраттың тілегіне қосылып, жазбаға пікір қалдырып жатыр.
"Бақытты болыңдар", "Мені құттықтап жатқандай қуанып калдым ғой! Бақытты болыңыздар", "Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат аға, өмір бойы бақытты болыңыздар! Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда", - деп жазған желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар





