Қайрат Нұртастың қызына қатысты ақпарат тарады

Қайрат Нұртастың қызына қатысты ақпарат тарады
23.10.2025 19:10
0
1011

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртасты интернеттегі буллингтен қорғауға алатынын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Beksports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол «Qogam news» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Журналист Динара Сәтжан сұхбат барысында Алаудың әлеуметтік желілерде жиі сын мен буллингке ұшырайтынын айтқан.

«Мен бұл жағдайды өз бақылауыма аламын. Біз құқықтық мемлекетпіз, сондықтан әлеуметтік желіде жағымсыз пікір қалдырғандар жауапкершіліктен құтылмайды. Алғашқы ескерту ретінде 10 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер буллинг адамның өз-өзіне қол жұмсауына итермелесе, ол қылмыстық іс болып саналады», — деді Оспанова.

Оның айтуынша, комитеттің 111 байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді. Биылдың өзінде 100 мыңнан астам қоңырау түсіп, 35 мың баланың өмірі мен қауіпсіздігі қорғалған.

Насымжан Оспанова Алау Нұртастың мәселесіне ерекше назар аударып, оның құқықтық тұрғыдан қорғалатынын айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий