“Қайрат” пен “Пафос” арасындағы ойын билеттері қымбат: Жанкүйерлер наразылық білдірді

“Қайрат” пен “Пафос” арасындағы ойын билеттері қымбат: Жанкүйерлер наразылық білдірді
13.10.2025 18:52
0
61

“Қайрат” клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Орталық стадионда Кипрдің “Пафос” клубын қабылдайды. Матч 21 қазанда өтеді.  Бұл туралы POLITICO.KZ  хабарлайды. Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Қос клуб арасындағы матчтың билеттері сатылымға шықты. Ресми ақпаратқа сәйкес билет бағалары 30 мыңнан бастап, 250 мың теңге аралығын құрайды.Алайда бұны естіген жанкүйерлер тарапы әлеуметтік желіде наразылық танытып, әртүрлі пікір жазып жатыр.

“Мынандай бағамен стадионды толтырайық деп айтуға ұялады екенсің”, Ең дұрысы бармаңдар, Алудың қажеті жоқ”, “Ой таста, не баға мынау?!”, “Стадион бұл жолы әрең толатын сияқты, өйткені мына баға тым қымбат.”, “Реал мен ойынға жарайды, дедік. Пафосқа мынау тым қымбат баға ғой”, “Бағаны түсірмейсіздер ме?, Сәл ұяттау сияқты ма қалай өзі?”, Қарапайым жанкүйерлерге шанс жоқ дейсің ғой” деген пікірлерді жанкүйерлер жазылып жатыр.

Осы тұста спорт журналисі Айнат Қабидулланың пікіріне назар аударсақ.

“Билеттердің бағасы расында қымбат. Тіпті “Бойкот” жариялап жатқан жанкүйерлерді де байқадым. “Осы “Пафосқа” қарсы өтетін матчқа билет алмаңыздар. Есесіне келесі ойындарға билеттің бағасын арзандатады,” — деп үндеу жасап, жазып жатқан пікірлерді де оқыдым. Бірақ мен билет сатылымға шыққан кезде сайтқа кірдім. “Реал Мадридке” қарсы сатылған билеттегідей кезекті көрмедім. Сайтта менің алдым да небәрі үш-ақ адам болды. Яғни билет алу Реалға қарағанда оңай әрі жеңіл болып жатыр деген сөз”, — дейді спорт журналисі Айнат Қабидулла.

Сонымен қатар, журналистің ақпаратына сәйкес “Қайраттың” ресми сайты билеттерді сатылымнан алып тастаған.

“Мендегі бар ақпаратқа сәйкес “Қайраттың” ресми сайты билеттерді сатылымнан алып тастаған. Соған қарағанда билеттердің бағасын арзандатуы мүмкін. Бірақ бұл “арзандатты” деген нақты ақпарат емес. Билеттерді алып тастағанына қарағанда арзандатуы мүмкін. Демек “Қайрат” бұл жерде көп жанкүйердің келуін емес, көбірек ақша табуды көздеп отыр. Бұндай ойынға қарапайым “Қайраттың” жанкүйері бара алмайды. Бірақ футболды мүлде түсінбейтін, футболдың не екенін білмейтін жанкүйерлер барады — деген сөз. Есесіне “Реалмен” өткен ойындағыдай ешқандай атмосфера, қолдау көрмейтініміз анық. Бұл тағы да “Қайрат” футбол клубына үлкен сын болмақ”, — дейді журналист.

Бұған қоса Айнат Қабидулла “Пафос” аса бір танымал құрама емес. Дейтұрғанмен қос командада Чемпиондар лигасына алғаш рет шыққандықтан ойын өте тартысты өтетінін айтты.

“Пафос” аса бір танымал құрама емес. Дегенмен қос команданың да Чемпиондар лигасына алғаш рет шығып тұрғанын ескерсек ойын өте тартысты өтеді. Расымен билеттің бағасы тым қымбат. Сондай-ақ “Реал” мен “Қайраттың” матчына бұндай баға қойылуы ол да қымбат болған. Алдағы “Қайраттың” ойындарына да дәл осы баға сақталады деген ақпарат бар. Бұл баға өзгеріссіз қалса қыста “Қайраттың” ойнынына ешкім бармайды”, — дейді Айнат Қабидулла.

Сондай-ақ Айнат Қабидулла жанкүйерлерді 250 теңгеге билет алуға кеңес бермейтіндігін де жеткізді.

“250 мың теңгеге билет алуға кеңес бермеймін. Себебі мұндай бағаға төбесі ашық жан-жағыңнан жел ұрып жатқан стадионда екі сағат бойы бір орында қозғалыссыз отырып, нешетүрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Тіпті 10 күн бойы ауруыңыз әбден мүмкін” - дейді журналист

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий