«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: Елге қанша турист келді?

Бүгін Алматының Орталық стадионында өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына қанша шетелдік турист келгені белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
e-Qonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасаған Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, "Қайрат» – "Реал Мадрид" матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.
Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетеді.
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.
"Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді", - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар





