"Қайратты" қолдаймын деп басы дауға қалған кондитер туған қаласының клубына арнап торт жасады

12.09.2025 13:16
0
77
Видеодан алынған кадр

Ақтөбелік кондитер татуласу белгісі ретінде торт әзірлеп, оны туған қаласының клубына арнады

Еске сала кетейік, бұған дейін Самал Асанова алматылық «Қайраттың» Чемпиондар Лигасына шығуына орай көпқабатты торт жасаған еді. Бұл әрекет Ақтөбедегі футбол жанкүйерлері арасында әртүрлі пікір туғызды, Бұл туралы  «Диапазон» жазды.

Көпшіліктің пікірі екіге бөлінді, алайда жанкүйерлердің бір бөлігі мұндай қадамға қатты қынжылды. Тіпті кейбір фанаттар Самал Асанованың кондитерлік өнімдерін бойкоттауға шақырды.

Осыдан кейін кондитер әлеуметтік желіден торт жасау барысы түсірілген роликті өшіріп, жағдайды түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ туған қаласының командасы – «Ақтөбе» футбол клубына арналған торт жасаймын деп уәде берді.

Арада бірнеше күн өткен соң ол уәдесін орындап, қызыл-ақ түсті безендірілуімен және «Ақтөбе» ФК логотипімен торт әзірледі. Жаңа туындының видеосын кондитер әлеуметтік желіде жариялады.

«Ақтөбе – менің туған қалам. Бөлінбейік, бейбіт өмір сүрейік. Бірлік бар жерде – жеңіс бар», – деп жазды Самал Асанова роликке.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий