"Қайын атам сыйға берген еді": белгілі имам әйелін шәкіртіне үйлендіргенін айтты
1506
Қазақстандық имам, теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет журналист Жанар Байсемізке берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бұрын көпшілікке белгісіз жайттарды бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Имамның айтуынша, екінші әйелін оған қайын атасы “сыйға тартқан”. Бұл шешім бірінші жұбайымен алдын ала келісілмеген.
“Бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын. Екінші қабырғамды қайын атам ‘мына қызды аласың’ деп сыйлыққа беріп кеткен. Қазақтың әдеті ғой”, – дейді ол.
Оның сөзінше, екінші әйелінен бес бала дүниеге келген. Балаларының барлығы діни білім алып, Құранды толық жаттаған.
Уақыт өте келе ерлі-зайыптылар арасында келіспеушілік туындап, әйел ажырасуға ниет білдірген. Осы жағдайдан кейін имам оның өз өтінішімен шәкірттерінің біріне тұрмысқа шыққанын айтты.
“Ол ‘ажырасамын, байға тиемін’ деді. Мен ‘жақсы адамға тұрмысқа шығарайын’ деп, шәкірттерімнің біріне қостым”, – дейді Құрбанәлі Ахмет.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
13:34
Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты 5 әскери ...
25.09.2026
13:11
«Қолында досының береті болған»: Каспийде аман ...
25.09.2026
12:56
«Інілерімді қимай жүрегім ауырып тұр»: Димаш Құ...
25.09.2026
12:46
Каспийдегі трагедия бойынша күдіктілердің әрек...
25.09.2026
12:33
Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің дене...
25.09.2026
12:27
Каспийдегі трагедия: Тоқаевқа кімдер көңіл айтты?