“Қаза тапқандар бар”: Семейде жантүршігерлік жол апаты болды

“Қаза тапқандар бар”: Семейде жантүршігерлік жол апаты болды
10.06.2025 08:41
0
213
Фото: freepik.com

Абай облысының Семей қаласында жол апаты салдарынан велосипед жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі Папанин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне бұрыла бергенде, жол бойымен келе жатқан велосипедтегі адамды қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед тізгіндеген ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жеткен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғаның жол жүру ережесін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, жол апатының барлық мән-жайы анықталуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий