Qazaq Air әуе компаниясы атауын өзгертеді

06.05.2025 • 12:11 Admin
Qazaq Air әуе компаниясы атауын өзгертеді
765
Фото: freepik.com

Qazaq Air әуе компаниясы атауын VietJet Kazakhstan деп өзгертеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Келісімге Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстел аясында қол қойылды. 

«Мәміле жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асты. Сатып алушы — SOVICO Group компаниясы. Мәміленің кейінге қалдырылған барлық шарттары орындалды, төлем толық көлемде қабылданды, ал акциялар инвестордың есепшотына аударылды», - деді «Самұрық-Қазына»-ның басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Войдите, чтобы оставить комментарий