Қазақ дзюдошысы Майамидегі сұлулық сайысында топ жарды
756
Қазақстандық спортшы әрі модель Әйгерім Әбілқадірова Майамиде өткен Miss World International 2025 халықаралық сұлулық байқауында «Вице-Мисс» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әйгерім Әбілқадірова көпшілікке грэпплингтен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы және дзюдодан елдің 11 дүркін чемпионы ретінде танымал. Ол байқаудың қазылар алқасын тек сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар спорттағы жетістіктерімен де тәнті етті.
Байқаудан кейін Әйгерім өзінің Instagram парақшасында ұйымдастырушылар мен жазылушыларына алғысын білдіріп, Майамидің «мәңгі жүрегімде қалатынын» жазды.
Осы жетістігінің арқасында Әйгерім америкалық модельдік агенттіктер мен спорттық ұйымдардың назарына ілігіп, екі беделді келісімшартқа отырды
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...