Қазақ футболшысы Дастан Сатпаев тарих жасады
1068
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
17 жастағы «Қайрат» форварды Чемпиондар лигасының бесінші турындағы сырт алаңдағы «Копенгагенге» қарсы матчтың 81-минутында көзге түсті — сол сәтте Сатпаевтың жасы 17 жас 110 күн болды.
Турнирдің рекорды Ансу Фатиге тиесілі: ол 2019 жылы «Интерге» 17 жас 40 күнінде гол соққан.
Екінші орында — «Барселона» жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн; 2024 жыл; «Монако» қақпасына гол).
Үшінші орында болған «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена 17 жас 119 күнінде «Барселонаға» қарсы матчта гол салған еді, алайда Сатпаев оның көрсеткішін жаңартты.
Сонымен қатар, Дастан – Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...
09.10.2026
22:15
«Луганскіге бара жатқанда ойланбады ма?»: Блоге...
09.10.2026
21:26
Яндекс сервистері неге дұрыс істемей жатыр? Ком...
09.10.2026
20:20
Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықта...
09.10.2026
19:52
Каспий табиғатын сақтау мақсатында халықаралық ...
09.10.2026
19:35
"Бетім көгермесін деп иығымды тостым". Тележүрг...