Қазақ өнері қара жамылды
Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 70 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрлік көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және барша киносүйер қауымға қайғыра көңіл айтты.
«Ұлттық кино өнерін дамытуға саналы ғұмырын арнаған Ардақ Жамансарыұлы қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті. Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды», - делінген министрлік хабарлаамсында.
Соңғы жаңалықтар