"Қазақмыс" ереуілден кейін шахтерлердің жалақысын көтермек

18.12.2024 10:52
0
116
Ашық дереккөз
Шахтерлер жалақыны 100%-ға көтеруді талап етті.

Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының 200-ден астам қызметкері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Осы күні компания 2025 жылдың қаңтарынан бастап жалақыны 8,5%-ға индексациялайтынын жариялады.

Ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсан күні Ұлытау облысындағы «Оңтүстік Қазақстан» кенішінің №65 шахтасының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны алдымен 30%-ға, кейін 100%-ға көтеруді талап еткен.

Оқиға орнына билік өкілдері мен құқық қорғау органдары келгені айтылуда.

Корпорация жалақыны 2025 жылы инфляция деңгейінде (8,5%) көтеру арқылы, келесі жылы шахтерлердің орташа жалақысы 822 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, жер асты жұмыстарындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 1 202 000 теңгеден 1 303 000 теңгеге дейін артпақ.

Компанияның қосымша шаралары:

  1. Материалдық көмек пен санаторийлік емдеуге арналған өтемақыларды арттыру.
  2. Ерекше балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға қосымша жеңілдіктер енгізу.
  3. Балалар лагеріне жолдама алатын балалар санын 1 500-ге дейін көбейту (қосымша 200 бала).
  4. Қалыпты жағдайда жұмыс істейтін 13 500 қызметкерді 2,5 млн теңге көлемінде жылдық сақтандырумен қамту.
  5. Штаттағы барлық қызметкерлерді ерікті сақтандырумен толықтай қамту.

Корпорация туралы:
«Қазақмыс» корпорациясы миллиардерлер Владимир Ким мен Эдуард Огайдың меншігінде.

Компанияның 99,1%-ы Kazakhmys Copper компаниясына тиесілі. Қорытынды басқарушы ұйым МФЦА-да тіркелген Kazakhmys Holding Limited болып табылады. Оның 70%-ын Владимир Ким (Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай адамдардың 4-орнында, байлығы $3,6 млрд), ал 30%-ын Эдуард Огай (Forbes тізімінде 13-орын, байлығы $800 млн) иеленеді.

Ақпарат kursiv.media сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или