Қазақмыс корпорациясы автопаркті жаңарту аясында 10 жаңа көлік алды

18.06.2026 15:16 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қазақмыс корпорациясы автопаркті жаңарту аясында 10 жаңа көлік алды
82
Фото: KAZAKHMYS

«Қазақмыс» корпорациясы өндіріс қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында техникалық паркін жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның мәлімдеуінше, Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы нысандар үшін жаңа автокөліктер жеткізілді.

Бұл жолы өндірістік қажеттіліктерді өтеу үшін 10 жаңа көлік сатып алынған. Олар жұмыс барысындағы сенімділікті қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын күшейтуге бағытталған ауқымды бағдарлама аясында іске қосылып отыр.

Жеткізілген көліктердің ішінде үш Toyota Hilux автомашинасы Саяқ кенішінің байланыс учаскесіне берілді. Бұл техника ескірген көліктерді алмастырып, құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуді және аумақтағы өндірістік міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.

Ал тағы бес Toyota Hilux «Q.I. Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-Ken ondirisi» филиалының Энергетика басқармасына жөнелтілген. Жаңа көліктер шахта мен өндірістік алаңдардағы электр жабдықтарына қызмет көрсетуге, сондай-ақ жөндеуші қызметкерлерді тасымалдау мен далалық жұмыстарға арналған.

Автопаркті жаңарту – корпорацияның кәсіпорындарды кешенді жаңғырту жобасының бір бөлігі ғана. «Қазақмыс» Тобы осы бағдарлама аясында бұған дейін жұмысшыларды тасымалдайтын 90 жаңа автобус сатып алынған.

Бұдан бөлек, компания тау-кен-шахта техникаларын, өндірістік жабдықтар мен инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуды қолға алған. Басты мақсат – жұмыскерлерге қолайлы еңбек жағдайын жасау және өндіріс процесінің сенімділігін арттыру.

Войдите, чтобы оставить комментарий