«Қазақмыс» пен ENFI өндірісті жетілдіру жолдарын талқылады

22.09.2026 13:41 Қанат АЙБАР
«Қазақмыс» пен ENFI өндірісті жетілдіру жолдарын талқылады
105
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» өндіріс тиімділігін арттыру, цифрландыру және заманауи экологиялық технологияларды қолдану мәселелерін Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясымен талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның баспасөз хабарламасына сүйенсек, келіссөз Бейжіңде өткен. Қытайға жұмыс сапарымен барған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС делегациясын Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі басқарды. Қабылдаушы тараптан кездесуге ENFI Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чэн бастаған делегация қатысты.

Тараптар тау-кен металлургия саласындағы жобаларды іске асыру тәсілдері жөнінде пікір алмасып, ынтымақтастықтың басым бағыттарын қарастырды. Технологиялық шешімдер мен инженерлік мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

«Қазақмыстың» мәліметіне қарағанда, ENFI тау-кен металлургия саласында инженерлік жобалаумен және жобаларды жүзеге асырумен айналысады. 1953 жылы құрылған корпорация China Minmetals Corporation құрамына кіреді. Компания 70 жылдан астам уақыт ішінде әлемнің 60-тан астам елі мен өңірінде 12 мыңнан астам жобаны іске асырған.

Солардың қатарында:

  • жиынтық өндірістік қуаты жылына 5 млн тоннадан асатын 40-тан астам мыс балқыту зауытының құрылысы;
  • жалпы қуаты жылына 6 млн тоннадан асатын 30-дан астам мырыш зауытының құрылысы;
  • жалпы қуаты жылына 4 млн тоннадан асатын 50-ден астам қорғасын зауытының құрылысы;
  • жалпы қуаты жылына 500 мың тоннадан асатын 10-нан астам никель зауытының құрылысы бар.

ENFI сирек жер металдары мен өндірістік қалдықтарды өңдеу саласында да көптеген жобаны жүзеге асырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий