Қазақмыс Шатыркөлдегі нысандарды жаңартуға 295,8 млн теңге жұмсады

04.09.2026 12:31 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақмыс Шатыркөлдегі нысандарды жаңартуға 295,8 млн теңге жұмсады
133
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы Shatyrkol-Jaysan Tau-ken ondirisi кәсіпорнының өндірістік және әлеуметтік нысандарын жаңартуға 295,8 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаражаттың басым бөлігі, яғни 256,6 млн теңгесі жаңа техника сатып алуға жұмсалды. Қазір Шатыркөл байыту фабрикасына жалпы саны жеті жаңа машинаның бірқатары жеткізілді. Олардың қатарында CAT 432 экскаватор-тиегіші, екі айырлы жүк тиегіш, автокран және Toyota Hilux көлігі бар. Алдағы уақытта кәсіпорын паркі тағы екі Foton Tunland автокөлігімен толығады.

Инфрақұрылым нысандарын жөндеуге 39,2 млн теңге бөлініп, қазір тиісті құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңарту тізіміне әкімшілік-тұрмыстық корпус, Шатыркөл учаскесінің ғимараты және инженерлік-техникалық қызметкерлер жатақханасының ішкі бөлмелері кірді. Сонымен бірге №2 порталдағы тамақтану мен шеберлер бөлмесі, медициналық пункт және кір жуатын орын қалыпқа келтірілуде.

Жаңа көліктер өндірістік базаның сенімділігін арттырса, ғимараттарды жөндеу жұмысшыларға қолайлы жағдай жасайды. Бұл қадам корпорацияның ішкі активтерді жаңарту бағдарламасы аясында іске асып отыр. Жалпы, 2026 жылы компания 80-нен астам әлеуметтік-тұрмыстық нысанды жаңғырту үшін 2,4 млрд теңге қарастырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий